Accessibility links

Ресей Қиыр Шығыста кең көлемді әскери жаттығу ойындарын өткізіп жатыр.


Ресей Қорғаныс Министрі Сергей Иванов елдің Қиыр Шығысында өтіп жатқан кең көлемді әскери жаттығу ойындарына бақылау жасап отыр. Ресми орындардың хабарлауынша, жатығу ойындарына 70 мың әскер мен әскери емес маман, 60қа тарта әскери кеме және 70тен астам әскери ұшақ пен тік ұшақтар қатыстырылып отыр. Ресей Қорғаныс Министрінің айтуынша, мұндай көлемдегі аскери ойындар Совет Одағы ыдырағаннан бері өткізіліп көрмеген. Бұған дейін Ресей ресми орындары жаттығу ойындарына Канада, Қытай және Оңт.Корея өкілдері де бақылау жасап отыр деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG