Accessibility links

АҚШ-тың әскери әуе күштері мен Ауғанстан үкіметінің әскері дүйсенбі күні елдің оңтүстік-батысындағы Забуль провинциясында тәліптерге қарсы ауқымды соққы берді.


КАБУЛ: АҚШ-тың әскери әуе күштерінің қолдауына сүйенген Ауғанстан үкіметінің әскері дүйсенбі күні елдің оңтүстік-батысындағы Забуль провинциясында тәліптерге қарсы ауқымды соққы берді. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, 14 тәліптің көзі жойылды. Аталған провинциядағы шайқас тәліптердің ауған армиясының патруліне жасаған шабуылының артынша сенбі күні басталған. Тәліптердің тұтқиыл шабуылы нәтижесінде 5 жауынгер қаза болды. Ауғанстан өкіметінің дүйсенбідегі хабарына сәйкес, сол аймақтағы Пактика провинциясында АҚШ пен ауған әскерлері 80-нен аса кісіні тұтқынға алған.
XS
SM
MD
LG