Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Әзірбайжанды қазан айында ашық та демократиялық сайлау өткізуге үндеуде.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Әзірбайжанды тағы да қазан айында ашық та демократиялық сайлау өткізуге шақырады. Мемлекеттік департаменттің өкілі Филип Рикардың хабарлағанындай, дүйсенбі күні Вашингтонда мемлекеттік хатшының орынбасары Ричард Армитидж бен Әзірбайжанның премьер-министрі Ильһам Әлиевтің кездесуі болып өтті. Тамыз айының басында Әзірбайжан парламенті И.Әлиевті үкімет төрағасы етіп сайлады. Әзірбайжандағы оппозицияның есептеуінше, алдағы президент сайлауында Ильһам Әлиевтің жеңісін толық қамтамасыз ету үшін, парламент оны премьер-министр етіп сайлайды. Ильһам Әлиевтің әкесі - әзірбайжан президенті Гейдар Әлиев қазір АҚШ-та емделіп жатыр.
XS
SM
MD
LG