Accessibility links

Йошка Фишер: Халықаралық қарым-қатынастар мен қауіпсіздік саласында Еуропаға ортақ саясат ұстану қажет.


БЕРЛИН: Германияның сыртқы істер министрі Йошка Фишердің мәлімдеуінше, халықаралық қарым-қатынастар мен қауіпсіздік саласында Еуропаға ортақ саясат ұстану қажет. Хельсинки қаласында сөйлей келе Й.Фишер: халықаралық ахуалдың шиеленісе түскен кезінде, Еуропаның бір жағадан бас, бір жіңнен қол шығарып сөйлей алмағанын соңғы бірнеше ай айқын көрсетті деп атап көрсетті. Атап айтқанда, неміс министрі Ирақ проблемасына келгенде - Франсия мен Германияның бір жақтан, Ұлы Британия мен Италия және Испанияның екінші жақтан сөйлеп шыққанын нұсқап отыр.
XS
SM
MD
LG