Accessibility links

Бомбейде болған бомбалық шабуылдар құрбандарына бүгін үндістер мен мұсылмандар бірдей дәрежеде аза тұтты.


Оның кесірінен елудей адамның өмірі қиылып, 150-дейі жараланған болатын. Үндістанның діни орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Нью Дели және басқа да қалалардағы мешіттер мен шіркеулер, сондай-ақ храмдар ғимараттары қосымша полиция күштері арқылы қорғалуда. Ал, Бомбейде аталған шабуылға қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінушілерді полиция жасақтары қамауға ала бастады. Бір бомбалық жарылыс Үнді ескерткіштеріне барар жолдағы қақпада, ал екіншісі храмда болған-ды. АҚШ, Ресей, Қытай елдері қаза болғандардың туыс-туғандарына көңіл айтуларын жолдасты. Пәкістан өкіметі бұл оқиғаларды террорлық әрекеттердің жемісі-, деп бағалады. Ал, БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннанның пікірінше мұндай қадамдар аса тұрпайы, лайықсыз қылықтар болуда. Европа Одағының Сыртқы істер бойынша басшысы Хавиер Солана болса, мұндай әрекеттер ешқандай себептермен ақталынуға тиіс емес, - деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG