“Пиплс дейли” атты басылымның жазуынша, Иран министрі Камал Харази бұл мәлімдемесін кеше Бежінде Қытай президенті Ху Жиңтаомен кездесуі барысында жасаған болатын. Харази мырза атап айтқанда, елдің ядролық бағдарламасының сошалықты айқын екендігін айта келіп, Иранның халықаралық Атом Енергия агенттігімен әріптестік орнатуға әзір екендігін де еске салып өтті. “Пиплс дейлидің” жазуынша, Қытай президенті Ху Жиңтао ирандық қонағына Қытайдың ядролық қандайда бір қару түрлерінің өндірілуіне қарсы екендігін, дей тұрғанмен ядролық қуат көздерінің бейбіт мақсатта пайдаланылуына орай халықаралық әріптестікті қолдайтындығын айтты. Ресми Вашингтон Техранды ядролық қару бағдарламасын әзірлеу үстінде-, деп айыптап келеді-, дейді Ройтер ақпарат агенттігі.
Ресми Техранның ядролық қаруларды дамыту жөнінде ешқандай жоспарының жоқтығын Иран Сыртқы істер министрі Қытай президентіне бірнеше рет қайталады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес