СТРАСБУРГ: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым өзінің өкілі Фраймут Дувеге елге кіру визасын беруден бас тартқан Беларуссия өкіметін ащы сынға алды. Фраймут Дувенің 3 күндік сапары бағдарламасында Беларуссияның журналистерімен және қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен кездесу қарастырылған болатын. Өткен шілде айында аталмыш еуропалық ұйым атынан Дуве оппозициялық баспасөзді басып-жаншығаны, ресейлік НТВ телекомпаниясының бюросын жапқаны және журналистерді қолдайтын америкалық екі ұйымның елде жұмыс атқаруына тыйым салғаны үшін ресми Минскіні сынға алған болатын.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым өзінің өкіліне елге кіру визасын беруден бас тартқан Беларуссия өкіметін ащы сынға алды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
AzattyqTV