Accessibility links

Руанда мемлекетінің президенті П.Кагаме басым дауыспен мемлекет басшылығына қайта сайланды.


КИГАЛИ: Африкалық Руанда мемлекетінің президенті Поль Кагаме басым дауыспен – 95 пайыз дауыс жинап мемлекет басшылығына қайта сайланды. Өз үміткері 4 пайыздан кем дауыс алған оппозиция Поль Кагаменің ойсырата жеңуін “мүмкін емес” деп есептеп, сайлау қорытындысын қайта қарату үшін Жоғарғы сотқа арызданатынын мәлімдеуде. Еуропа Одағының басшылығы П.Кагамені жеңісімен құттықтады. Руанда елінде дүйсенбіде өткен бұл сайлау – 800 мың адамның құрбан болуына себеп болған азамат соғысы мен 1994-інші жылғы этникалық қырғыннан кейінгі бірінші сайлау болды. Поль Кагаме – хуту тайпасының тарапынан қуғын көрген тутси тайпасы көтерілісшілерінің бұрынғы көсемі. Соғыстан кейін ол елде ұлттық татуласу саясатын жүргізуде.
XS
SM
MD
LG