Accessibility links

Сауд Арабиясында террористік іс-әрекетпен шұғылданды деген күдікпен бірнеше кісі тұтқындалып, көп қару-жарақ тәркіленді.


ӘР-РИАД: Сауд Арабиясында террористік іс-әрекетпен шұғылданды деген күдікпен бірнеше кісі тұтқындалып, көп қару-жарақ тәркіленді. Саудия ішкі істер министрлігінің өкілі хабарлағандай, қауіпсіздік күштері ол шараны елдің оңтүстік аудандарында жүзеге асырған. Тәркіленген қару-жарақтың ішінде 170 гранататқыш, 200-ге жуық жылжымалы зымырандық қондырғы және көптеген бомба мен қопарғыштар болған. Әр-Риад қаласындағы 35 кісінің өліміне себеп болған мамыр айындағы террористік қастандықтан кейін, Сауд Арабиясы жасырын түрдегі экстремистік топтардың мүшелеріне қарсы күрес жүрзіне бастады.
XS
SM
MD
LG