Accessibility links

Бежинде Солтүстік Корея бойынша алтыжақты кездесу басталмақ.


Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы төңірегінде айларға созылған жанжалдан кейін сәрсенбі күні Бежинде алтыжақты кездесу басталмақ.

Сәрсенбі күні Бежинде басталатын алтыжақты кездесуде АҚШ Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламадан бас тартуға көндіруге ұмтылады деп жазады радиомыздың талдаушысы Джефрей Донован. Алайда талдаушылар осынау Америкамен қос Кореядан да басқа Жапония мен Ресей Қытай қатысатын алтыжақты кездесуден соншалықты үлкен жаңалық күтуге болмайды деп біледі.

Солтүстік Корея ядролық бағдарламасынан бас тартқан күнде Құрама Штаттары оған ауыз толтырарлықтай уәде берер емес, тек екі ел қарым-қатынасы қалыпқа келе бастайды деген уадені ғана беріп отыр. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас өткен қазан айында Солтүстік Корея өзінің ядролық қару бағдарламасын одан әрмен жалғастыра бастағаннан кейін бұзылған еді.

Солтүстік Корея Құрама Штаттарымен бұ мәселені жеке талқылағысы келген. Бірақ, Құрама Штаттары ондай кездесуден үзілді-кесілді бас тартты. Құрама Штаттары Солтүстік Кореяның ешқандай да талап қоймай ядролық бағдарламадан толық бас тартуын талап етті. Осы талапты бұ кездесуде де Америка жағының ұстанатынын Мемлекеттік департмент өкілі Филип Рикер тағы нақтылады:

"Талап сол, Солтүстік Корея ядролық бағдарламасына нүкте қою болмақ. Бұ туралы біздің көз-қарасымызды сіз білесіз. Мінекіи біз талқылайтын нәрсе осы."

Бұрын көпжақты келіссөзге келіспей жүрген Солтүстік Корея осы айдың басында алтыжақты кездесуге келіскені белгілі. Осы кездесу барысында ҚШ өкілімен Солтүстік Корея өкілі өзара тікелей тілге келетіні де белгілі дейді Рикер:

"Әрине, бір бөлмеде бір стол басында алтыжақ болып кездесе отырып сіздің күн тәртібіне қойған тақырыпты қарсыласыңызбен қалай талқалауға да мүмкіндігіңіз болары анық."

Кездесудегі АҚШ делегациясының басшысы ҚШ сыртқы істер министрінің кеңесшісі Джеимс Келли сәрсенбі күнгі келіссөз барасында сақ пікір айтты:

"Бежинге қайта айналып келіп отырғаныма қуаныштымын. Осынау көпжақты кездесуді өткізу үшін біз де біздің қытайлық достарымыз да біраз тер төккен едік. Сәрсенбінің сәтімен енді әділ де ашық пікірлер алысуларды бастамақпыз."

Қауіпсіздікті зерттейтін Гавая орталығының талдаушысы Александр Мансуров бұл кездесу бұл проблеманы шешу жолындағы тек алғашқы қадам ғана болады деп біледі:

"Бұны мен Бежинг үдерісі деп атаған болар едім. Бұл одан әрмен жалғасады деп сенемін." "Бұл кездесудегі басты табыс келесі кездесуді қашан өткізу жәйлі келісім болады деп білемін."

Солтүстік Корея АҚШ –нан басқыншылық жасамау жөнінде шарт талап етеді. Құрама Штаттары болса ондай шарт жасаспағанымен Солтүстік Кореяға шабуылдамау жәйлі жазбаша сөз уаде беруі мүмкін көрінеді. Бұ жәйлі ҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел мәлімдеді. Бұл екі ел арасындағы үзіліп қалған дипломатиялық байланыс егер Солтүстік Корея ҚШ талабынан шықса онда қалпына келуі мүмкін делінеді. Тегі кореялық американдық талдаушы Санг Ю Ким Солтүстік Корея үшін уақыттың созылғаны ұтымды деп біледі:

"Дей тұрғанмен Солтүстік Корея уақыт ұтып отыр. Бір күні Солтүстік Корея өзін ядролық қуатты ел болдым деп жариалайтын тәрізді."
XS
SM
MD
LG