Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы бірқатар нысандарда болып ондағы жұмыс жағдайымен танысты

Алматы облысында жұмыс сапарымен жүрген президент Нұрсұлтан Назарбаев тамыздың 26 сы күні Қарасай ауданында «Эфес Қарағанды сыра қайнату» зауытының ашылу салтанатына қатысты.

Ол сондай ақ Іле ауданындағы «САФ» шыны жасау өндірісі орнында болды. «Елімізде қабылданған индустриялық және ауыл шаруашылығы бағдарламаларына сай, әрі менің республика халқына Жолдауымның жергілікті жерлерде қалай орындалуы барысымен танысу үшін облысты араладым», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданында жаңадан ашылған «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» мен Іле ауданындағы шыны ыдыстарын жасайтын өндірістегі жұмыс қарқынын Қазақстанның Индустриялық бағдарламасының нақты іске асырыла бастағандығының көрінісі деп бағалайтындығын, сондай-ақ, соңғы кездері жаңадан құрылып жатқан қаржы ұжымдарының оларды қолдап, өндірісті одан әрі өркендетуге араласуы керектігін баса айтты. Н.Назарбаев мемлекеттегі жүргізіліп жатқан барлық реформаларға қолдау көрсетіп, оларды іске асырып жатқан жетісулықтарға шын жүректен алғыс айтамын.
XS
SM
MD
LG