Accessibility links

Оңтүстік Кореялықтардың пікірінше, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты басталған сөйлесулердің бірінші отырысы жаймашуақ жағдайда өткен.


Сеулдің ресми өкілі Шим Боң-килдің айтуынша пікіралысулар кедергілерсіз өтуде. Солтүстік және Оңтүстік Корея елдері және Ресей, Қытай, Құрама Штаттары мен Жапония өкілдері 10 айға созылып кеткен, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына орай туындаған теке-тіресті шешу жолдарын ақылдасуда. АҚШ және оның одақтастары, яғни Оңтүстік Корея мен Жапония қандайда бір келісімдерге қол жеткізілмес бұрын ресми Пхеньянның ешқандай шарт қоюларсыз өз ядролық бағдарламасын жоюы керектігін талап етіп отыр. Ал, Солтүстік Корея өз кезегінде, қарусызданбас бұрын бұл елге қауіпсіздік кепілдемелерінің берілуін талап етуін жалғастыруда. Кездесулер одан әрі жалғаса беретін болады-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG