Accessibility links

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты туындап отырған дағдарысты шешу үшін Қытай астанасы Бежінде басталған сөйлесулер одан әрі жалғасуда.


Дей тұрғанмен, журналистердің айтуынша, үш күнге созылатын бұл жоғарғы дәрежедегі басқосулар барысында аталған проблема түбегейлі түрде шешіле қалады-, деген аса ілгерішіл үмітке орын әзірге болмай тұрған сыңайлы. Билік басындағы коммунистік партия басылымының жазуынша, бұл басқосулардың тағдыры Құрама Штаттарының қандай бағытты ұстайтындығына тікелей байланысты-, деген пікірде отыр екен солтүстік Корея жағы. Ал, Родоң Синмун басылымының жазуынша Америка тарапы аса қатал талаптар қоймайтын сыңайлы. Осы кездесулер қарсаңында АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Джеймс Келли мырза Америка тарапының бұл басқосуда “тікелей және әділ түрде пікір алысулардың” болғанын қалайтындығын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG