Accessibility links

МАГАТЭ Иранда жойқын қару жасауға қолданатын уран тапты


Біріккен Ұлттар Ұйымының атом агенттігі МАГАТЭ Иранда жойқын қару жасауға қолданатын уран тапқанын нақтылады.

Иран ешқандандай да жойқын қару жасау жоспарының жоқ екенін, ядролық материал тек бейбіт мақсаттағы атом бекетін салу үшін үшін қажет екенін қайталаумен отыр.

МАГАТЭ сарапшылары Техранның түстік тұсында орналасқан Натанз ядролық қоймасынан жойқын қару жасауға қолданылатын уран қалдықтарын тапқанын мәлімдеді деп жазады радиомыздың талдаушысы Рон Синовитс. Осынау байытылған уран қалдықтарының Иранда табылғаны туралы 10 беттік баяндама сәрсенбі күні жария етілді. Осының негізінде мамандар Иран ядролық қару жасауға жақындаған деген тұжырымға келді. Алайда, Иран жағы ядролық материалдар бұл елге тек бейбіт мақсаттарға ғана қажет деуін тағы да қайталап отыр. МАГАТЭ сарапшылары тапқан байытылған уран қалдықтары туралы осы ұйым өкілі Мелисса Флеминг бұ оқиға жәйлі радиомыздың тілшісіне былай деді:

"Байытылған уран қалдықтары Натанс қоймасынан табылғаны рас. Бұл деген сөз Иранда байытылған уран бар деген сөз. Алайда Иран жағы уран қалдығы табылған ыдыстың басқа елден әкелінгенін айтады яғни байытылған уран қалдығы ыдысқа басқа жерде жұққан дейді."

Соныңмен біз осынау байытылған уранның шыққан жерін тағы да толық анықтай алмай отырмыз дейді МАГАТЭ қызметкері.

Біз бұл мәселені одан әрмен зерттеу үстіндеміз. Бұ мәсленің нақты беті осы жақын апталар да ашылып қалар деген үміттеміз дейді ол тағы. Егер байытылған уран Иран жерінде өндірілгені нақтыланса онда бұл Иранның ядролық қару жасап жатқанының бұлтартпас дәлелі дейді Мелисса Флеминг:

"Жоғары байытылған уран ядролық қарудың құрамдас бөлігі. Оны ғылыми зерттеу үшін болмаса бейбіт бағдарлама үшін қажет деп дәлелдеу қиын."

Байытылған уран қалдығын Натанз қоймасынан МАГАТЭ сарапшыларының қалай тапқанын Флеминг былай баяндайды:

"Ядролық материал ылғи да із қалдырып отырады. Оның ізі заттардың бетінде ондаған жылдар бойы өшпей тұра береді. Ол ізді тапқан бізде бар сезімтал технология болды."

МАГАТЭ сарапшылары тапқан байытылған уран қалдықтары енді қырқүйктің 8–де өткелі отырған МАГАТЭ төралқасының талқылауына ұсынылып отыр.

"Бізге баяндамада көрсетілгендей бұл зерттеуді аяғына дейін жеткізу үшін апталар тіптен айлар керек болуы мүмкін."

Флеминг Иран жағының МАГАТЭмен жақсы жұмыс істегенін айтады:

"Өткен жылдың осы кезінде әлем Иранның ядролық бағдарламасы туралы мүлдем хабарсыз болған. Енді міне Иранда аса қитұрқы байытылған уран жобасы бар екені белгілі болды."

МАГАТЭ өкілі Иранда байытылған уранның табылғаны жәйлі баяндама бұлтартпас деректерге негізделіп отыр дейді:

"Бұл нақты деректерге негізделді. Соңғы апаталар жұмысының нақты нәтижелері келтірілді."

Вашингтонда мемлекеттік департммент өкілі Филипп Рикер Иранды қосымша хаттамаға уақыт оздырмай қол қоюға шақырды. Бұл үндеуге Еуроодақ та қосылды. Сәрсенбі күні Иранның ИРНА ақапарат агенттігі халықаралық қауымдастықтың бұл талабын Иранның орындауы мүмкін екенін хабарлады. Алайда кейбір дипломаттар Иран ондай қосымша хаттамаға қол қоюға әзірше дайын емес деп біледі.
XS
SM
MD
LG