Accessibility links

Бағдатта қауіпсіздік шаралары одан әрі күрделене түсуде.


Кеше тағы екі америкалық солдат қаза болды. Бұл оқиғалар жөнінде коалиция жасақтарының полковнигі Гай Шайелдс: “Қазірге дейін күн сайын шамамен ондаған шабуылдар болып тұрады. Егер оқиғаның ұзын-ырғасы тұрғысынан қарар болсаңыз, бір күні көп, ал екінші күні аздау шығынға ұшырап жатамыз, - деді. Қауіпсіздік шараларына орай Бағдаттан бұл күндері халықаралық ұйымдар жайлап шыға бастаған. Солардың бірі- Оксфам агенттігі. Оның Бағдаттағы кеңсе басшысы Симон Спрингеттің сөзіне қарағанда, бұл ұйым өз қызметкерлерін дүйсенбіден бастап шет елге көшіре бастаған екен. Әлемдік банк және Халықаралық Қаржы қоры да шет елдік қызметкерлерін уақытша болса да Бағдаттан шығара бастағандығын хабарлауда. БҰҰ-ның көптеген қызметкерлері де осындай жолды дұрыс деп тапса керек-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG