Accessibility links

Сәрсенбі күні Ирақта АҚШ-тың 2 жауынгері қаза болды.


БАҒДАД: Сәрсенбі күні Ирақта АҚШ-тың 2 жауынгері қаза болды. АҚШ-тың әскер басшылығының хабарлауынша, Әл-Фаллуджа қаласындағы тас жолдың жағасына көмілген бомбаның жарылысынан 1 жауынгер құрбан болып, тағы үшеуі жараланды. Тағы бір АҚШ жауынгері Бағдадта әскери керуенге жасалған шабуыл кезінде оққа ұшты. Ирақ астанасынан солтүстікке қарай жайғасқан аудандарда Саддам Хусеиннің қарулы үзеңгілестерін ұстау мақсатында екінші тәулік бойы арнайы шара өтуде. Сейсенбі күні АҚШ президенті Дж.Буш: әскер Ирақтан кетпейді және халықаралық терроризмге қарсы күрес толық жеңіске жетпейінше жалғаса береді деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG