Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі қалыптасқан ахуал Жапонияға Иран мұнайын сату мәселесі бойынша келіссөздерге әсер етпейді.


ТОКИО: Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі қалыптасқан ахуал Жапонияға Иран мұнайын сату мәселесі бойынша келіссөздерге әсер етпейді. Сәрсенбі күні Күншығыс елінің сыртқы істер министрі Йорико Кавагучи ханым осылай деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, отынмен қамтамасыз ету – ядролық қару проблемасынан бөліп алынып, жеке қарастырылатын экономикалық мұқтаждық болып табылады. Сонымен бірге, өзінің кез-келген ядролық мекемесін тексеруге рұқсат беретін хаттамаға қол қоюға көндіру үшін Жапония Иранға қысым жасай береді. Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харрази бүгін ресми сапармен Токиоға келмек.
XS
SM
MD
LG