ПАРИЖ: Франсия еуропалық ортақ валюта – еуро аумағына кіретін елдердің арасындағы бюджет тапшылығына қойылған шектеуді жеңілдетуді талап етуде. Еуропа Одағының атқарушы өкіметі болып табылатын Еуропалық Комиссия, өз кезегінде, егер келесі жылдың бюджетіндегі тапшылық жалпы ішкі өнім көлемінің 3 пайызынан асатын болса, онда Париж қаржылық санкцияға, яғни жазаға душар болады деп Франсияны қатаң ескертті. Алайда франсұз премьер-министрі Жан-Пьер Рафареннің сәрсенбі күні мәлімдегеніндей, экономикалық өсу өзі бастаған үкіметтің басты мақсаты, ал өсу барысында бюджет тапшылығының ұлғаюы әбден ықтимал деп мәлімдеді. Бюджет тапшылығының ұлғаюына соңғы жылдары Германия да душар болуда.
Франсия еуропалық ортақ валюта – еуро аумағына кіретін елдердің арасындағы бюджет тапшылығына қойылған шектеуді жеңілдетуді талап етуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты