ГААГА: Әскери қылмыстар бойынша Гаага Трибуналында Югославияның бұрынғы вице-адмиралы Миодраг Йокич – 1991-інші жылы хорваттардың Дубровник атаулы тарихи қаласын атқылауға бұйрық бергенін мойындады. 3 ай бойы толассыз атқылаудың нәтижесінде ежелгі қаланың 50-ден аса бейбіт тұрғыны мен 100-деген ортағасырлық тарихи ғимарат қиратылды. Бұрынғы адмиралдың өз қылмыстарын мойнына алуын ескере отырып, прокурорлар соттан оны 10 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығаруын сұрауды ұйғарды. Дубровник қаласы – дүние жүзі халықтарының мәдени мұрасы туралы БҰҰ-ның тізіміне енгізілген.
Әскери қылмыстар бойынша Гаага Трибуналында Югославияның бұрынғы вице-адмиралы Миодраг Йокич – 1991-інші жылы хорваттардың Дубровник атаулы тарихи қаласын атқылауға бұйрық бергенін мойындады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Соғыс символы
Ресейдегі Z таңбасына қарсылық қозғалысқа айнала ала ма?