Accessibility links

Егер де үкімет Ирақтың жаппай қырып-жою қаруы туралы істі шынында да асырып көрсеткен болса, Т.Блэр премьер-министр лауазымынан өз еркімен кететін еді.


ЛОНДОН: Ұлы Британияның премьер-министрі Тони Блэрдің мәлімдеуінше, егер де үкімет Ирақтың жаппай қырып-жою қаруы туралы істі шынында да асырып көрсеткен болса, өзі биліктен кететін еді. Қорғаныс министрлігінің сарапшысы Дэвид Келлидің өлімі себептерін тергеу үшін құрылған арнайы комиссияға бейсенбі күні берген жауабында Тони Блэр осылай деп мәлімдеді. Премьер-министр Ирақтың қаруы жөніндегі баяндама саяси мүддеге сай өзгертілгенін түбегейлі жоққа шығарды және ол баяндама келтірілген мәліметтердің барлығы барлау қызметтерінен алынғанын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG