ТАЛЛИНН: Эстонияның бір ауылындағы сайлаушылар Еуропалық Одаққа кіру туралы бүкілхалықтық референдумға қатысуға шақыруларды совет заманындағы конверттермен алды. Эстонияның баспасөзі хабарлағандай, әлгі конверттерде балға мен орақтың суреттері берілген көрінеді. Елдің пошта қызметінен хабарланғандай, әлгіндей қателік қызметкерлердің бірінің кінәсінен болған. Эстонияның Еуро Одаққа қабылдану мәселесі бойынша бүкілхалықтық референдум 14-інші қыркүйекке белгіленіп отыр.
Эстониялық сайлаушылар ЕуроОдаққа кіру мәселесі бойынша бүкілхалықтық референдумда дауыс беругеа шақыруларды совет заманындағы конверттермен алды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?