Accessibility links

Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы бойынша Қытай астанасындағы көп жақты келіссөздер бүгін аяқталады.


ПЕКИН: Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы бойынша Қытай астанасындағы көп жақты келіссөздер бүгін аяқталады. Қытай, АҚШ, Ресей, 2 кәрей республикасы мен Жапония делегацияларының қатысуымен өтіп жатқан бұл келіссөздердің барысын АҚШ-тың ресми өкілдері “жемісті” деп бағалағанымен де, басқа келісімдерге қол жететін үміт жоқ көрінеді. Келіссөздердің келесі сатысы 2 айдан кейін және тағы да сол Пекинде өтетін сияқты. Бейсенбі күні Солтүстік Кәрей өзін ресми түрде ядролық мемлекет деп жариялап, ядролық қару сынақтарын қайта жалғастыратынын мәлімдеді. Солтүстік Кәрей делегациясының жетекшісі Ким Ен Ирдің мәлімдеуінше, Пхеньянның жарағында әлгіндей қаруды жеткізетін құралдары да бар.
XS
SM
MD
LG