Accessibility links

Ирақтағы Шия мұсылман жетекшісі Аятолла Мұхаммед Бақир әл Хакімнің өліміне себепкер болған жұма күнгі Наджаф қаласындағы бомбалық жарылысқа ашулы мыңдаған ирақтық Шия мұсылмандары жексенбі күні Бағдадтың солтүстік бөлігінде шеруге шықты.


Түрлі хабарларға қарағанда, Мұса әл Қадім мешіті алдында шеруге жиналған халықтың жалпы саны 100 мыңнан 300 мыңға дейін болған. Иранға арқа сүйеген Ирақ Исламдық Революциясы Жоғарғы Кеңесі атты саяси қозғалыстың жетекшісі қызметін де атқарған Аятолла Хакімді жерлеу рәсімі сейсенбіде Кербалада өтпек. Ирақтағы Шия мұсылмандары басқармасы бұл елдегі Сүнни мұыслман уәкілдеріне қаратылған ескерту хатын жария етті. Хатта жұма күнгі бомбалық шабуылдың діни астары бар екені анықталса, бұл жағдайдың одан әрі ушығуына алып келетіні айтылған. Бұл екі арада, американ әскерлері биліктен тайдырылған Саддам Хүсейннің Баас партиясын қолдаушыларға қарсы Мосул қаласында өткізген операциясын аяқтады. Мосул тұрғындарының айтуынша, американ әскерлерінің бұл қалаға келуіне мұнда Саддам Хүсейннің өзі жасырынып жатқан болуы мүмкін деген хабар түрткі болған. Американ әскерлерінің басқармасы бұл

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG