Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігіндегі тәліптерге қарсы соңғы тәуліктерде болған шайқастарда кем дегенде 11 ауғандық мерт болды.


КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі тәліптерге қарсы соңғы тәуліктерде болған шайқастарда кем дегенде 11 ауғандық мерт болды. Аймақтық барлау қызметінің мәліметі бойынша, Забуль және Урузған провинцияларында 7 полицай, үкімет армиясының 2 жауынгері және 2 күзетші қаза болған. Ауғанстан өкіметі тәліптермен арада келіссөздер жүргізіп жатқанын жоққа шығаруда. Өткен сенбіден бері қарай терроризмге қарсы коалициялық күштер Забуль провинциясында тәліптерге қарсы ауқымды шара өткізуде. Кабулда қаласында полиция мен халықаралық бітімгершілік күштерінің бірлесіп ұйымдастырған тінту шарасының нәтижесінде, терроризмге және басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Қанша кісінің ұсталғаны және оларға нақты қандай айыптар тағылатыны жайында бірлі-жарым ақпар жоқ.
XS
SM
MD
LG