Accessibility links

Қытай елшісі: «Қазақстан біздің ең жақын досымыз»


Қыркүйектің 2-сі күні Парламент Сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Яо Пэйшэнді Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады.

Оралбай Әбдікәрімов, Яо Пэйшэнді дипломатиялық миссиясының табысты аяқталуымен құттықтап, Қытай елшісінің Қазақстан үшін қашанда шынайы дос болып қалатынын айтты.

Яо Пэйшэн, көптеген салаларда өзара қарым-қатынастың нығайып жатқандығын, бірақ парламентаралық байланыста кемшіндіктің барын айтып, жаңа елшінің бұл мәселені дамытуға назар аударады деген пікірін білдірді.

- Қазақстан біздің ең жақын досымыз. Бұл жерде мен көп дос таптым. Қайда жүрсем де Қазақстанда өткізген кездерім есте болады,-деді өз ризашылығын білдірген Қытай елшісі.

Сенат төрағасы, Қытай елшісінің Қазақстандағы дипоматиялық қызметі кезінде екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты, көршілес ынытымақтастықты нығайтуда, интеграциялық процестерді тереңдетуде ірі саяси оқиғалар болғанын айтты.

Тараптар одан әрі ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланыстарды дамытуға ықылас білдірді.

Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 11 жылдың ішінде өзара ынтымақтастықты жоғары деңгейде дамытуға қол жетті.

Қазіргі уақытта екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастың құқықтық келісмін құрайтын 105 екі жақты келісім-шарттар жұмыс істеуде.

Яо Пэйшэннің айтуынша, дипломатиялық қызметті ол енді Украина елінде атқарады. Бірақ ол өзінің бұл лауазымға ресми түрде тағайындалмағанын, әзірге осылай сөз болып жатқанын айтты.
XS
SM
MD
LG