Accessibility links

Израиль үкіметінің таяу уақытта Ясир Арафатты Палестина жерінен жер аудару мәселесін қарауы ықтимал.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаздың мәлімдеуінше, таяу уақытта үкімет бәлкім Палестина Автономиясының басшысы Ясир Арафатты Палестина жерінен жер аудару мәселесін қарауы ықтимал. Оның сөзіне қарағанда, Арафат ешқашан Израильмен арада бітімге келуге ұмтылған емес, керісінше Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздерге тосқауыл болды, сондай-ақ премьер-министр Махмуд Аббас үкіметінің жұмысына кедергі болып келді. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер Израильдің Ясир Арафатты жер аудармақ ниетіне Америка Құрама Шаттарының қарсы екенін білдірді.
XS
SM
MD
LG