Accessibility links

Кубада сәуір айынан бері тұтқында отырған кубалық 13 диссидент түрменің қатаң тәртібіне наразылық білдіріп ашаршылық жариялады.


ГАВАНА: Мемлекеттік құрылымды шайқамақ болды деген айып бойынша сәуір айынан бері тұтқында отырған кубалық 13 диссидент түрменің қатаң тәртібіне наразылық білдіріп ашаршылық жариялады. Ол жайында Кубаның ішкі істер министріне тұтқында отырғандардың туыстары жолдаған хатында айтылады. Фидель Кастроның режиміне қарсы оппозицияның белгілі 75 өкілінің үстінен болған таяудағы сот үрдісі бүкіл дүние жүзінде жаппай наразылық туғызды. Еуропалық Одақ маусым айында Кубамен арадағы экономикалық және мәдени қарым-қатынасын уақытша тоқтатты.
XS
SM
MD
LG