Accessibility links

АҚШ үкіметі әлі де болса Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты бейбіт дипломатиялық жолмен реттеуге мүдделі.


ВАШИНГТОН: Ақ үйдің өкілі Скотт Макклелланның мәлімдеуінше, АҚШ үкіметі әлі де болса Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты бейбіт дипломатиялық жолмен реттеуге мүдделі. Оның сөзіне қарағанда, Вашингтон Пхеньянның ядролық бағдарламасын жүзеге асыруын тоқтату мақсатындағы көпжақты келіссөздердің жалғасуын талап ете береді. Өткен сейсенбі күні Солтүстік Кәрейдің өзі ядролық проблемасы бойынша АҚШ-пен арадағы келіссөздерін жалғастыру ниетін жария етті.
XS
SM
MD
LG