Accessibility links

Йордания патшасы Абдулла АҚШ пен Иран арасында ара ағайындық рөл атқаруы мүмкін


Екі күндік ресми сапарынан кейін Йордания патшасы Абдулла сәрсенбі күні өз еліне қайтты. Сапар барысында ол Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи және Иран ел басы Мұхамед Хатами мырзалармен кездескен болатын.

Хабарларға қарағанда, кездесулердегі басты тақырып, көршілес Ирактағы жағдай болыпты.

Иран Сыртқы істер министрі Камал Харазидің патша Абдуллаға айтуынша, Ирактың 25 мүшесі бар өкіметінің ант қабылдауы Ирак халқының билікке араласуындағы аса маңызды қадам болып отыр. Иракпен араларында ұзақ шекаралары бар бұл қос ел де аймақтағы проблемаларды шешуде өзара әріптестіктерін өрістетуге мүдделі екендіктерін білдірісті.

Сарапшылардың пікірінше, әрине пікіралысулар барысындағы ең басты мәселе аймақта Америка күштерінің мығым тұруы еді. Қауіпсіздік саясатына байланысты Женевадағы орталық сарапшысы Джуллиан Линдлей-Френчтің пікірінше Иран елі Ирактағы қауіпсіздік және қайырымдылық жағдайларға, сондай-ақ АҚШ-тың осы аймаққа қатысты, оның ішінде Иран да бар, ұстанып отырған бағытына орай алаңдаушылық білдіріп отыр.

Дей тұрғанмен, оның айтуынша ресми Техран күрделі мәселелерді шешуде АҚШ ел басы әкімшілігімен арада ара ағайынның болғандығын қалайды. Себебі, бұл орайда АҚШ пен Иран арасында тікелей қарым-қатынастардың орнауы қиын, - дейді сарапшы. Ал, Лондонда орналасқан Араб-Иран мәселелеріне байланысты зерттеулер орталығының директоры Әли Реза Ноуризаденің пікірінше, патша Абдулла Құрама Штаттары мен Иран арасында ара ағайындық рөл атқарып, сондай-ақ Ирактағы шиеленістің қалыпқа келуіне өз үлесін қоса алады. “Менің ойымша Құрама Штаттарының досы патша Абдулла Иранмен арада келіссөздерді жүргізуде ең қолайлы тұлға болып тұр.

Себебі, иорданиялықтар Ирактағы жағдайдың тұрақты болуын қалайды. Олар Ирактағы саяси жағдайға араласуға ұмтылып отырған жоқ, - деді Ноуризаде мырза. Хашемидтер әулетінің мүшесі ретінде патша Абдулла Иракта аса сыйлы. Әсіресе, ол елдің шиилері алдындағы беделі зор. Өздері сүннілер бола тұрып, кем дегенде қазіргі жаңашыл Ирак шиилерімен байланысы жақсы деңгейде, - дейді Ноуризаде мырза.

Сарапшылардың пікірінше, кездесулер барысында көтерілген тағы бір маңызды мәселе Әбу Мусааб Зарқауиді Йордания тарапына тапсыру мәселесі болуы мүмкін. Америка тарапының көзқарасында Зарқауи- Йордания азаматы, әрі Әл-Қайда ұйымындағы аса маңызды тұлға. Сондықтан оған баспана беріп отырғаны үшін Техранды айыптауда. Сарапшы Ноуризаденің айтуынша, ресми Амман Зарқауиге өткен айда, Ирактағы Иордания елшілігіне жасалған бомбалық шабуылды ұйымдастыруы мүмкін, - деген күдікпен қарауда. Ол шабуылдар барысында 19 адамның қаза болғаны белгілі.

Ақпарат бұлақтарының хабарлауынша, аталған сапар барысында патша Абдуллаға Йордания құпия қызметінің басшысы Саад Хайр еріп жүрген. Сарапшылардың бағалауынша, патша Абдуллах сонымен бірге, басқа да әл-Қайда ұйымына қатысы бар адамдардың Иран тарапынан Йорданияға қайтарылуына қол жеткізуі мүмкін. Өткен айларда әл-Қайда ұйымына қатысы бар бірнеше адамдарды тұтқындағандығын Техран хабарлаған болатын. Алайда, ол адамдарды АҚШ-қа тікелей тапсырудан ол бас тартып отыр. Ал, ресми Техран бұл қадамдарына жауап ретінде Иран билігіне қарсы топтардың Йорданиядан қайтарылуын талап етуі мүмкін, - дейді Ноуризаде мырза.
XS
SM
MD
LG