Бұл жолы саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қазақстандықтардың сайлау алдындағы белсенділігін білуге тырысқан. Демек, Алматының саясаттанушылары мен әлеуметтанушыларының соңғы мәліметтері бойынша, қырқүйек басында қазақстандықтардың басым көпшілігі өз білсенділігін әлсіретіп үлгерген. Оның себебін олар әр –түрлі түсіндірген. Біріншілері бұл сайлау жөнінде білмесе, екіншілері сайлауға қызығушылық танытпайды. Сайлау алдындағы алматылықтардың көңіл күйін білу мақсатында біз микрафонымызды қарапайым алматылықтарға ұсындық.
Алматылықтар: - Мен сайлауға қатысамын, сайлау әділетті түрде өтеді, дегенге сенемін.
- Шын мәнінде қандай сайлау екенін білмеймін. Әр адам өзі біледі ғой, қатысамын десе, қатысады. Қатысқысы келмесе, оны ешкім қинап апармайды, маған керегі жоқ, сол себептен қатыспаймын.
- Сайлауға қатысамын, сайлау әділетті өтеді, деп ойлаймын. Мен кімге дауыс беретінімді білемін, ол үміткер «Отан» партиясының мүшесі. Мен ойлаймын, әр-бір адам сайлауға қатысып, өз дауысын беру керек.
- Мен өмірден түңілдім. Мүгедектер мен зейнеткерлердің жеңілдіктері алынып тастағаннан кейін қиналып жүрмін. Сол себептен маған су тасқыны, зілзала болғаны жақсы. Халық қиындықты бірігіп көреді. Теңгені шығарып Н. Назарбаев халықты тентіретіп қойды. Оның орнына Л.Брежнев немесе Д. Қонаев болғанда өмір сүруге болар еді, қазір өмірден түңілдім.
Сайлау алдындағы қазақстандықтардың белсенділігін байқаған Алматының саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қауымдастығы 20 қырқүйек күні сайлау қалай өтеді, деген сұраққа жауап іздейді.
Бүгінгі таңда қауымдастықтың мәліметтері бойынша, қазақстандықтардың басым көпшілігі сайлауға түсетін үміткерлердің кім екенін білмейді. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы бұл тізімді тіркеу мезімі аяқталғаннан кейін, 7 күн өтіп кеткен соң жариялауы керек. Алайда 27 тамыз бен 1 қырқүйек аралығында бұл тізіммен не бары 22 пайыздан асқан адам ғана танысып үлгерген.