ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары Ясир Арафатты Таяу Шығыстағы жанжалды бейбіт жолмен үйлестіруге әлі де кедергі болып отыр деп есептейді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер мәлімдегендей, АҚШ Я.Арафатпен арадағы байланысты қайта жалғастыруды көздемейді. Дж.Буш ұстанған бұл көзқарас, Р.Баучердің айтуынша, оның көпжылдық тәжірбині арқау етеді. Сәрсенбі күні Палестина автономиясының премьер-министрі Махмуд Аббас АҚШ-ты Я.Арафатқа жарияланған бойкотын тоқтатуға шақырды. Палестина премьері Таяу Шығыста қалыптасқан қазіргі дағдарыс үшін барлық кінәні Израильге арқалатты. Палестина автономиясының парламентінде сөйлеген сөзінде М.Аббас бітімді палестиндік ұйымдардың белсенділерін өлтіруге қайта кіріскен Израиль бұзды деп мәлімдеді.
АҚШ Ясир Арафатты Таяу Шығыстағы жанжалды бейбіт жолмен үйлестіруге әлі де кедергі болып отыр деп есептейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"