Accessibility links

Испания полициясы ресейлік гимнаст қыз, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Вера Шиманскаяны қамауға алды.


МАДРИД: Испания полициясы алааяқтықпен шұғылданды деген күдік бойынша ресейлік гимнаст қыз, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Вера Шиманскаяны қамауға алды. В.Шиманская мен оның құрбысы Валенсия қаласының жанындағы Пуколь қаласында орналасқан казинода белгі салынған карталарды пайдаланды деген күдікпен ұсталып, кепілдікке 3 мың еуро төлеген соң, олар бостандыққа жіберілді. В.Шиманская – 2001-інші жылғы Сидней Олимпиадасында алтын медальді ұтып алған, ол, сондай-ақ 1998 және 1999-ыншы жылдары қатарынан екі дүркін әлем чемпионы болған-ды.
XS
SM
MD
LG