Вашингтон. Мемлекеттік департмент өкілі Ричард Баучер "жол картасы" атты бейбіт жоспарды тоқтатпау үшін Палестина басшылығы израилдықтарға қарсы террорды, зорлық-зомбылықты тоқтатуы керек деді. Баучер бұл мәлімдемесін Палестина үкімет басы Махмуд Аббастың Палестина парламенті алдында сөйлеген сөзінен кейін жасады. Аббас Палестина парламентінен реформа жүргізу мен қарулы топтармен күресу үшін өз билігін кеңейтуді сұрады. Әйтпесе қызметінен алуды сұрады. Парламент Аббастың бұл ұсынысын бүгін талқылауда.
Құрама Штаттары бейбіт жоспарды тоқтатпау үшін Палестина басшылығын израилдықтарға қарсы террорды тоқтатуға шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?