Вашингтон. Бүгін ҚШ Джемах Исламия қарулы тобының Америкадағы есепшоттарын шегеріп қойды. Бүгін Вашингтонда жария етілген мәлімдемеде осынау ұйымның 10 мүшесінің тізімі БҰҰ-на берілді делінген. ҚШ сондай-ақ өзге де елдерден аталмыш ұйымның есепшоттарын шегеріп қоюды сұрады. Джемах Исламия Ал Каидамен байланыстағы ұйым, Азияда жасалынған талай террористік шабуылдар жасаған осы ұйым өкілдері делініп жүр.