Accessibility links

Палестина автономиясының жетекшісі Ясир Арафат мәлімдегендей, Автономия парламентінің төрағасы Ахмад Кураи премьер-министр лауазымына отыруға келісім берді.


ТАЯУ ШЫҒЫС: А.Кураидың өзі келісім бергенін әлі растаған жоқ. Одан бұрын парламент төрағасы АҚШ пен Еуроодақ Таяу Шығыс жанжалын басуға бұрынғыдай белсенді түрде атсалысатын жағдайда ғана, премьер-министр болуға келісемін деп хабарлаған болатын. Еуропалық Одақ А.Кураиды қолдайтынын мәлімдеп үлгерді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Таяу Шығыс жанжалын басудың халықаралық жоспарына жылы қараған кез-келген премьер-министрмен ынтымақтастық орнатуға Вашингтон дайын деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG