Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылымдарда Ғалымжан Жақияновтың рақымшылық сұрап өтініш білдіруіне орай «Орталық Азия» атты саяси тұтқындарды қорғау жөніндегі халықаралық қордың мәлімдемесі және тағы да басқа саяси, рухани мәселелерге арналған мақалалар жарық көрген.

«Алтын орда» апталығының кезекті санында жарық көрген Ақас Тәжутовтың мақаласы тағы да мұнай тақырыбына арналыпты. Мақала авторының айтуы бойынша отандық кәсіпорындар үшін, салық салмағы отыз процент болса, шетелдік алып компаниялардың төлейтіні осының алтыдан біріне де жетпейді екен.

Газеттің төртінші және бесінші бетінде дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына орай белгілі жазушы Әбіш Кекілбайұлының мақаласы берілген.

«Казахстанская правда» басылымының 9 қыркүйек күнгі санында да Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай мақалалар топтамасы ұйымдастырылыпты.

«Жас алаш» газетінің 9 қыркүйек күнгі санында Махамбет Өтемісұлының төрт томдық академиялық жинағының шығатындығы хабарланған.

Газеттің бірінші бетіндегі Шыңғыс Мұқайдың мақаласында сайлау тақырыбы сөз болған.

«Правда Казахстана» басылымының соңғы санында мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаевтың сайлау барысындағы заңсыздықтарды тілге тиек еткен мәлімдемесі жарық көрген. Сондай –ақ осы басылымда Ғалымжан Жақияновтың рақымшылық сұрап өтініш білдіруіне орай «Орталық Азия» атты саяси тұтқындарды қорғау жөніндегі халықаралық қордың мәлімдемесі берілген.

«Экспресс К» газетінің 9 қыркүйек күнгі санындағы Әлішер Елікбаевтың мақаласында бүгінгі таңда жұрттың көбісі пайдаланып жүрген ұялы телефонның адамның денсаулығына үлкен зиян тигізетіндігі баяндалған.

«Қазақ елі» газетінің кезекті санында енді бір елу жылдан кейін қазақтың санының 10 процентке кеміп кетуі мүмкіндігі туралы мақала жарық көрді.

«Известия –Казахстан» басылымының 9 қыркүйек күнгі саны экономика тақырыбына арналыпты.

«МК в Казахстане» газетінің соңғы санында, таяуда Алматы қаласында шығармашылық кеші өткен орыстың танымал ақын Евгений Евтушенкомен сұхбат жүргізілген.

Ал, «Алматы ақшамы» газетінің соңғы санында, ақын Әбідірахман Асылбеков «Ал, Давай!» ансамбілін сотқа беретіндігін мәлімдепті. Ансамблді сотқа беруге олардың ақын өлеңін рұқсатсыз пайдалынып, авторлық құқығын бұзуы себеп болып отыр.
XS
SM
MD
LG