Бүгін Франция елі тамыз айында болған қатты ыстықтың салдарынан 11 мың адамның өлімін әкелген оқиғаларды зерттеп, оның ресми нәтижелерін жариялады. Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған ол баяндамада, мұндай жағдайға ұшырауға сол кездері көптеген адамның демалыста болуынан дәрігерлердің жетіспегені және әлеуметтік қызмет көрсету байланыстарының болмауы себеп болған делінген. Тамыз айында орын алған қатты ыстық ауа-райынан Еуропаның басқа да елдері Голландияда 1400, Португалияда 1300, Ұлыбританияда 900 адам қайтыс болған.