Бүгін Қайырда өтетін Араб елдері лигасының саммитіне Ирақтың сыртқы істер министрі Хошияр Зебари шақырылған. Мысырдың сыртқы істер мекемесінің басшысы Ахмед Махердің хабарлауынша, жабық есік жағдайындағы алты сағаттық талқылаулардан соң, Ирақтың уақытша үкіметінің сыртқы істер министрін осы жиынға шақыру жөнінде шешім қабылданған. Көптеген араб елдері американ-британ әкімшілігі тағайындаған Ирақтың жаңа өкіметін мойындаудан бас тартып отырғаны белгілі.
Қайырда өтетін Араб елдері лигасының саммитіне Ирақтың сыртқы істер министрі де қатысатын болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Соғыс символы
Ресейдегі Z таңбасына қарсылық қозғалысқа айнала ала ма?