Accessibility links

Палестина парламентінің спикері Ахмед Курей егер Израил палестиналық жауынгерлерді жоюуын тоқтатпаса, премьер министр қызметіне келуден бас тартатынын мәлімдеді.


Палестина үкіметінің басшысы болу жөніндегі ұсыныстарға парламент төрағасы Ахмед Курей:

- Мен Израилдің қырып жоюды тоқтатуын талап етемін. Егер күн сайын ғимараттарды атқылап, палестиндықтардың үйлері құлатылып олардың өздерін өлтіріп жатса мен бейбіт процессті жалғастыра алмаймын. Ондай жағдайда премьер министр қызметін қабылдай алмаймын, - деген Палестина парламентінің спикері.

Бұдан ертеректе ол, егер АҚШ пен Еуро Oдақ Tаяу шығыстағы жағдайды бейбіт реттеуге бұрынғыдай атсалыса беретін болса ғана премьер министр болуға келісетінін хабарлаған. Еуропалық одақ пен Вашингтон да қауіпсіздік реформаларын жүргізу мақсатында Курейді қолдайтындығын танытты. Индияда сапармен жүрген Израил премьер министрі Ариель Шарон тарапынан бұл жағдайға әлі еш пікір айтылған жоқ. Бүгін Газа қаласында израил әскерлері бір палестиндікті атып өлтірген.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG