Ресейдің Мемориал атты адам хұқы тобы алдағы айда Шешенстанда өткізілгелі отырған президент сайлауына бақылаушылар жібермейтіндігін айтқан. Мемориал өкілі Светлана Ганнушкина 5 қазанға жоспарланған бұл сайлау заңсыз деген баға берген. Тағы бір Адам хұқтары тобының өкілі Лев Пономарев та өздерінің сайлауға бақылаушылар жібермейтіндіктерін мәлімдеген.
Ресей үкіметі Шешенстанда сайлау өткізу арқылы мұнда бейбіт өмір орнап келеді дегенді дәлелдемекші. Бірақ та сыншылар болса, Шешенстандағы жағдайдың ауылы тұрақтылықтан алыс екендігін айтып, сайлау өткізудің оған әсер ете қоюы да неғайбыл дейді.
Ресейдің адам хұқтары топтары Шешенстанда өткізілетін президент сайлауын заңсыз деп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге қаралады?
-
Владимир Сливяк
"Қазақстан емес, АЭС салуға Ресей ынтық". Сарапшымен сұхбат