Буш Ираққа халықаралық қауымдастықтың көптеп қатысуына күш салатындығын білдірген.
АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Паул Вулфовиц Вашингтонда бұл тұрғыда:
- Американың орталық басшылығы генерал Джон Абизаид және басқа да қолбасшылар бұдан да көп американдық жасақтарды мұнда керек етпейтіндіктерін, оның орнына халықаралық әскерлердің мұнда тұрақтылықты қамтамасыз етуін, әсіресе Ирақтың өз әскерлерінің көптеп бұл іске қатысуын қалайды, - деп атап көрсетті.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл осы демалыс күндері Женевада БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сыртқы істер министрлерінің кездесуінде халықаралық жасақтар және Ираққа арналған қаржы жөніндегі АҚШ ұсынысы бойынша БҰҰ-ның шешімін талқылауға тиіс.
Осы айдағы Ирақ президенті Ахмад Чалаби егер олар түріктер мен күрдтер арасында жаулық пиғылдар туғызбайтындай , күрд облыстарынан сырт орналасатын болса, Ирақта қызмет етуге түріктің 10 мыңдық жасағына қолдау білдіретіндігін айтқан.