Осы басқосу 9-12 қыркүйек аралығында Алматыда өтуде. Конференция жұмысына Бельгияның, Жапонияның, Чехияның, Ресей,Украинаның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, басқа да ТМД елдерінің белгілі ғалымдары, сондай-ақ, Қазақстан студенттері қатысуда. Барлығы 500-ден аса адам.
Конференция барысында геоақпараттық модельдендіру, дистанциялық бақылау көмегімен жер және су ресурстарын тиімді пайдалану шаралары, адам дамуының демографиялық үлгісі, экологиялық-экономикалық жүйенің тұрақты дамуын математикалық және ақпараттық қамту, сондай-ақ, интенсивті ғарыштық аймақтардағы айналадағы қоршаған ортаның өзгеру бағытын зерттеу саласындағы қазіргі заманғы ғылыми-эерттеу жұмыстары талқылану үстінде.
Конференция барысында Ғарыштық зерттеулер институтының директоры , академик Өмірзақ Сұлтанғазин баяндама жасады. Конференция жұмысына орай сәрсенбі күні баспасөз мәслихаты өткізілді.
Мәскеулік ғалым Григорий Чернявский жерді дистанциялық зерттеу арқылы жаңалықтар ашу маңызды шара деді. Негізгі ақпаратты АҚШ ғалымдары жасап келді, олар ғарыштан суретке түсіру арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді жетік меңгере білген деген пікірлер айтылды.
Байқоңыр ғарыш айлағы арқылы ғарыштан жер бедерін суретке түсіру, сол арқылы құнды ғылыми жаңалықтар ашу Қазақстан ғарышкерлері тарапынан да жүзеге асырылып келе жатқандығы мәслихатта сөз болды.