Бұл туралы Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгi Консулдық қызмет департаментiнiң директоры Уәлихан Қоңырбаев қыркүйектiң 10-ы күнi баспасөз мәслихатында мәлiмдедi.
Мұның алдында хабарлағанымыздай, қыркүйектiң 8-iнде Астанада Тәуелсiз мемлекеттер достастығы консулдық қызмет жетекшiлерiнiң консультативтiк кеңесi ашылған болатын. Үш күнге созылған жиында негiзiнен заңсыз миграцияға тосқауыл қою және азаматтардың шекара арқылы жүрiп тұру құжаттарының санын қысқарту мәселесi қаралды. Атап айтқанда, азаматтардың мемлекетiшiлiк жеке куәлiгiн және 16 жасқа дейiнгi балалардың тууы туралы куәлiгiн құжаттар тiзiмiнен алып, достастық мемлекеттерi бойынша өзара жүрiп-тұру тәртiбiн халықаралық стандартқа сәйкестендiру көзделуде.
“Ал Ресеймен 7 мың шақырымдық шекараның бойында тұратындарға бұрынғы тәртiп сақталуға тиiс, өйткенi жекелеген заңсыз мигранттарға бола дүйiм жұртты тоқтатып қоюға болмайды”, - дедi, Қоңырбаев мырза.
Баспасөз мәслихатында Қазақстан азаматтарын Ресейдiң Ташанта кеден бекетiнен бөгетсiз өткiзу мәселесiнiң шешiлгенi мәлiм болды. Ендi Ташанта арқылы Монғолияға барып келуге жол ашық.
Уәлихан Қоңырбаевтың айтуынша, қылмыстық ортаның өкiлдерi үшiн бiр баланың тууы туралы куәлiгiмен, екiншi бiр баланы шекарадан алып өту қиындық тудырмайды.Мұның өзi ,әсiресе, адам саудасымен айналысатындарға ыңғайлы. Сондықтан, шетелге шығуға мүмкiндiк беретiн арнайы құжатты туған бетте толтыру қажеттiгi туындап отыр. Оған дейiн басқа мемлекетке сапар шегетiн 16 жасқа дейiнгi балалардың суретi ата-аналарының ұлттық паспортына желiмделетiн болады.