Accessibility links

Швецияның сыртқы істер министрі Анна Линдз ауруханада.


Белгісіз біреу Стокгольмнің орталығында министрге қастандық жасағаннан бері, қаншама уақыт өтсе де, дәрігерлер оның өмірі үшін күресті жалғастыруда. Министрдің өкілі Дэн Свейнллдің айтуынша, министрдің іш құрылысына, бауырына зақым келіп, көп қан кеткен. Дәрігерлер науқастың жайы ауыр болғанымен, өміріне қатты қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Шведтің премер-министрі Гоеран Перссон министрлердің қауіпсіздігін арттыру жөнінде бұйрық берді. Бұл қастандық әрекеті Швецияның Европаға қосылуы турасындағы референдум өткізілуге бірер күн қалғанда ғана орын алды.
XS
SM
MD
LG