Accessibility links

Бүгін Мексикада Дүниежүзілік сауда ұйымының конференциясы өтіп жатқанда, антиглобалист Ли Кван Хэ өзіне-өзі өлтірген.


Канкан қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымының конференциясы өтіп жатқанда, оңтүстік кореялық белгілі антиглобалист Ли Кван Хэ наразылық акциясы барысында өзіне-өзі пышақ салып өлген. Ли Кван Хэ Оңтүстік Корея парламентінің бұрынғы депутаты, соңғы кезде ол фермерлер мен балықшылар қауымдастығының жетекшісі болып жүрген. Канкандағы Дүниежүзілік сауда ұйымының конференциясы ауылшаруашылық өнімдерін сату проблемасына арналған, оған 146 елдің өкілдері қатысуда.
XS
SM
MD
LG