Accessibility links

Бүгін қыркүйектің 11-інде Құрама Штаттарда 3 мыңдай адамның өмірін әкеткен террорлық шабуылға екі жыл толды.


Әлемнің біраз елдерінде осы шабуылдан құрбан болғандарды еске алу рәсімі өтуде. Аустралияда ұлттық парламент бір минут үнсіз тұрып, осы күні қаза болғандарға тағзым еткен. Ирақтағы американ әскерлері де террорлық шабуыл құрбандарын еске алу шараларын жасаған. Ал, АҚШ-тың өзінде осыдан дәл 2-жыл бұрын террористердің қолында түскен төрт ұшақтың Нью-Йорктегі әлемдік сауда орталығы мен Пентагон үйі және Пенсилвания штатында жарылуынан қаза болғандарды, олардың туыстары еске алуда. Кеше АҚШ президенті Джордж Буш террористерге қарсы үнемі қырағылық танытатындықтарына сөз берді. - Америка адамдарын қорғаудың дұрыс жолы- ол үйде де, түзде де белсенді қорғаныста болу деп атап өткен, - Америка президенті. Осы кездерде арабтардың Әл-жазира телеканалы осы террорлық шабуылдарды ұйымдастырды деп айыпталған Әл-Қаида ұйымының жетекшісі Осама бен Ладен мен оның көмекшісі Айман әл Завахридің видеотаспасын көрсеткен. Онда Айман әл Завахри бұл Америкаға жасалған шабуылдың әлі бастамасы ғана деп тағы да шабуыл жасайтындықтарын ескерткен.
XS
SM
MD
LG