Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Буш америка халқы бұл қаралы да қайғылы күнді ұмытпайды. Қаза тапқандарды, ағыл-тегіл төгілген көз жасын біз ешуақытта естен шығармаймыз деген. Еске алу күнінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл мемлекеттік департамент қызметкерлері алдында былай деді:
- Бұдан екі жыл бұрын дәл осы күні біздің Отанымыз және бүкіләлем асқан зұлымдық пен ұмытылмас ерліктің, ерекше қатыгездік пен орасан қайғы-қасіреттің куәсі болды. Біз бірақ бұған мойып, бүгіліп, кектеніп отыра берген жоқпыз. Біз президент Буштың бастауымен шешімді қимылдарға бардық. АҚШ-тың басшылығымен әлемнің барлық елі қауымдасып, терроризм деген зұлымдықты жер бетінен түп-тамырымен жоюға жұмылды.
Осыдан екі жыл бұрынғы 11 қыркүйектегі Америка халқының қасіретіне ортақтасқан достық, жылы лебіздерге толы жеделхаттар Дүние жүзі елдерінің жетекшілерінен бұл күні мүхиттың арғы бетіне жол тартты.