Нью-Йорктағы қос мұнараға екі бірдей жолаушы лайнері келіп соқтығып, көкпен таласқан зәулім егіз ғимаратты бір сәтте жермен жексен еткен жерде қаза тапқан әкесі мен шешелерін, бауырлары мен апа-қарындастарын жоқтаған жастар мен балалар 2792 құрбанның аттарын атап, тізімді қайта-қайта оқып шықты.
Вашингтонда президент Дж.Буш пен оның зайыбы Лаура шіркеуге барып, соңынан Буш сөз сөйледі.
- Біз үзілген өмірлерді есте ұстаймыз, біз ерлік істерді ұмытпаймыз, біз ол қасіретті естен шығармаймыз, біз сол бір ауыр күндегі азаматтарымыздың қажыры мен қайратын ұмытпаймыз, - деген президент.
Үшінші лайнер құлаған Пентагон мен төртінші үшақ көздеген нысанасына жете алмай құлаған Пенсильвани штатында да 11 қыркүйек шабуылының құрбандарын еске алулар болып өтті.
Американдықтар 11 қыркүйек күнгі қаралы оқиғаның екі жылдығын мұңды музыка мен құрбандарды үнсіздікпен еске түсіру, сондай-ақ рух көтерер жалынды патриоттық сөздермен атап өтті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Үкімет таңдауы
"Қарметтің" жаңа инвесторы. Андрей Лаврентьев деген кім?
-
"Өкіл әкенің" тұтқындалуы
Қырғызстан мен Өзбекстан ұйымдасқан қылмыспен қалай күресіп жатыр?