Accessibility links

Қазақстан Президентi Малайзия елiнiң бас билеушiсiмен кездестi


Қыркүйектiң 12-күнi Астанадағы сарайында Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев осы елге мемлекеттiк сапармен келген Малайзияның жоғарғы билеушісі Туанку Саид Сиражуддинмен кездесті.

Аса мәртебелi мейманды Президент сарайының алдында Қазақстан елбасы Н.Назарбаев қызы Дариғамен шығып қарсы алған соң, оларға Қазақстан ұлттық ұланы сарбаздарының құрметтi қарауылы сап түзеп, қошемет көрсеттi. Президент оркестрiнiң орындауында Қазақстан мен Малайзияның мемлекеттiк әнұрандары ойналды. Бұдан кейiн екi елдiң мемлекет басшылары өзара келіссөздер өткізiп, Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы бірлескен коммюникеге қол қойды.

Жұма күнi Малайзия билеушiсi Астана қаласының орталық мешітінде, Еуразия Ұлттық университетінде, президенттің мәдени орталығында және республика ұланында болды. Ал, сенбi күнi оның сапары Алматыда жалғасатын болады.

Қазақстан мен Малайзия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы наурыз айында орнатылған болатын. Былтырғы жылғы көрсеткiш бойынша, Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 13 млн. долларға жуықтайды.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG