Accessibility links

Арафатты Палестинадан шығарып жіберу үлкен қателік болмақ деді Ресей.


Мәскеу. Палестина көсемі Ясер Арафатты Израилдың елден шығарып жіберуінің салдары ауыр қателік болмақ деді Ресей бүгін. Бұ жәйлі Ресей сыртқы істер минисрлігі мәлімдеді. ҚШ мен Еуроодақ та Израилдың Ясер Арафатты елден шығарып жібермек ниетіне кеше өз қарсылықтарын білдірді. Мысыр президенті Хосни Мүбарак:

"Егер Арафат елден шығарылса онда Палестина жерінде не болатынын ешкім де айта алмайды. Терроршылдық, зорлық-зомбылық жаппай етек алмақ. Сөйтіп мүлдем қатерлі жағдай қалыптаспақ" деді Мысыр президенті.

Кеше Израил қауіпсіздік кабинеті Арафатты Батыс Жағалаудан шығарып жіберу жоспары негізінен келісілгенін мәлімдеді. Өткен түні мыңдаған палестиндықтар Батыс Жағалаумен Газа секторында Ясер Арафатқа қолдау көрсетіп шеруге шықты.
XS
SM
MD
LG